Голландиялық cәулетші Бангладештегі лашықтарда тұратын балаларға арнап жүзетін мектеп ойлап тапты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24kz-ке сілтеме жасап.
Ерекше нысан 15 мың пластик шөлмектен жасалған. Контейнердің ішінде планшеттер, мұғалімдермен бейнебайланыс жасауға арналған экрандар сияқты заманауи оқыту жүйесіне қажеттінің барлығы бар. «Бұл мектеп өте берік әрі қауіпсіз», - дейді идея авторы. Айрықша оқу орны Бангладешке бірнеше аптадан кейін жіберілмек.
Пікір қалдыру