“Ninety one” жігіттері: РИНАТТЫҢ АЙТҚАНДАРЫНА МӘН БЕРМЕЙМІЗ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708224420479_small.jpg

Айтыскер ақын Ринат Зайытов «Қазақстан» арнасындағы бағдарламалардың бірінде қатаң сынаған, артынша әлеуметтік желі қолданушыларының да ауыр айыптауларына ұшыраған “Ninety one” тобы мұндай сөздерге аса мән бермейтінін айтады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы stan.kz – ке сілтеме жасап.

Алайда, ерекше топ мүшелері өздерін қыздарға теңейтіндерді ұнатпайтындарын, ондайларды «көре алмаушылық» деп бағалайтындарын жасырмаған.

Бұл пікірлерімен “Ревю” бағдарламасында бөліскен.

Күні кеше өнерде жүрген ағаларының сынына ұшыраған “Ninety one” тобы “Орда” тобынан ән сұрап алып, оны өңдеп жатыр. Қандай сынға болсын төтеп бере алатындықтарын жеткізген топ мүшелері бір нәрсеге ғана төзе алмайтынын айтты. Бұл – тыңдармандардың немесе өнердегі ағаларының өздерін қызға ұқсатуы екен.

“Бәрінен бұрын бұл қыз ба әлде жігіт пе деген сыни сөздер ашуымызды келтіреді. Достар, қыз қайда, жігіт қайда?!” – деп реніштерін жеткізді.

Көп адам қазақ эстрадасына енді ғана аяқ басқан топтың қатаң сындарға қалай төзіп жатқанын білмей дал болуда. Өйткені, осыған дейін көптің сөзіне назар аудармайтын Мақпал Исабекова инстаграмдағы парақшасын сыни пікірлерге қатысты өшірген болатын.

Өткен аптада топ мүшелері мен продюсері Ерболат Беделхан «Қазақстан» арнасындағы бағдарламада Ринат Зайытовпен бетпе-бет келіп, біраз сын естігенін естеріңізге саламыз.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар