Ресей мемлекеттік думасының депутаты, ЛДПР жетекшісі Владимир Жириновский Масленица мейрамында таяқ тастам жердегі нысананы дәлдей алмай күлкі болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Қолындағы таяғын тізілген кеглдарға тигізе алмай әлек болған депутаттың видеосы әлеуметтік желілерде жариялануда. Онда Жириновскийдің «мергендігін» айналасындағылардың күлкі етіп тұрғаны анық байқалады. Алайда, оған ұялатын Жириновский ма? Бесінші рет дегенде нысананы дәл көздеп, бір масайрап қалды.
Пікір қалдыру