Менің қолыма Түркиядағы өткен қазақтың дара перзенті Хасен Оралтай туралы «HASAN ORALTAY» деген кітап келіп түсті. Бұл еңбек ол кісі қайтыс болғаннан кейін сол елде жарық көрген екен. Мәрием Хәкім қарындасым:
«Аса құрметті, Жұмаш Кенебай аға!
Ең жақсы тілектермен,
Мәриям Хакім,
12 ақпан 2014 жыл, Кониа қаласы» деп қол қойған екен.
Бүгінде Анкарада бір университеттің ұстазы, профессор, марқұм Хасекеңнің жақын қарындасы Мәриям Хакімді бұрыннан жақсы танимын. Көзі ашық, көкірегі ояу, тура Хасен Оралтай сынды нағыз АЛАШШЫЛ, ТҮРІКШІЛ, ҚАЗАҚШЫЛ Мәриям Хакім сынды Қазақ қызын мен қашанда мақтан тұтып жүремін.
Маған арнайы жіберген бұл өлшеусіз сыйлығына алғыстан басқа айтарым жоқ!
Аталмыш кітап өте көлемді (А-4 форматымен басылғанекен) және түрік тілінде жазылған. Ара-арасында біздің кириллше де мақалалар, өлеңдер, көңіл айтулар кездесіп қалады.Кітапта Хасен Оралтай қайтыс болғанда өз қолыммен жазып, «Дат» жобасында, «Қазақстан Коммунисі», «www.tanym.tv» сайтында жарық көрген: «Өмірі «елімай-лап» өткен Хасен Оралтай қайтыс болды» деген мақалам, сол қазанамаға қол қойған қазақтың белгілі тұлғалары: Ғаббас Қабышұлы, Серікболсын Әбділдин, ҚабдешЖұмаділ, Мұхтар Шаханов, Уақап Қыдырханұлы, Фәдли Әли, Асыдлы Осман, Ғазиз Алдамжаров, Амангелді Керімтаев, Қиял Сабдалин, Ғалымжан Жақиянов, Төлен Тқтасынов, Жұмаш Кенебай, Зәуреш Батталова, Ермұрат Бапи, Бақытгүл Мәкімбай, Тілеухан Мәжен, Рақым Айыпұлы, Бауыржан Жақып, Дос Көшім, Болат Дүйсембінің есімдері енген екен.
Сондай-ақ, басқа да елімізге танымал адамдардың естеліктері енгізілген. Олардың арасында Хасекеңнің қарамағында «Азаттық» радиосында қызмерт еткен Саясат Бейісбайдың, т.б. есімдері елге белгілі қаламгерлердің де мақалалар бар. Бұл кітап жөнінде толық мағлұматты алдағы уақыттардың бірінде оқи алатын боласыздар.
Жұмаш КЕНЕБАЙ