Шығыс Қазақстанда төрт бірдей қар көшкіні болды

/uploads/thumbnail/20170708231053783_small.jpg

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күр жоғарылауы салдарынан төрт бірдей қар көшкіні болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

23 наурызда сағат 17.10-да Қатон-Қарағай ауданында болған қар көшкіні салдарынан "Согорное - Барлық" автожолы жабылып қалған. Қар көшкінінің көлемі 130-дан 540 шаршы метрге дейін жетті. Табиғи құбылыстың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. "Сағат 23.50-де Комарихинский ауылдық округінің күшімен жолды қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. Қауіпті аймаққа кірер жерге полиция қосыны қойылды", - деп хабарлады ІІД өкілдері.

Сонымен қатар, ҚР ІІМ ТЖК қар жиналатын орындарға бақылау жүргізіліп жатқанын хабарлады. Айта кетейік, 24 наурызда Шығыс Қазақстан облысында күндізгі температура 5-10 градусқа, кей жерлерде 15 градусқа дейін жоғарылайды деп күтіліп отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар