Қаржылық сауатың қандай, қазақ?

/uploads/thumbnail/20170708151430095_small.jpg

Бүгін Алматыда «Экономикалық сауаттылықты арттырудың халықаралық қоры» мен kaspi kank «Қаржы мәдениеті» бағдарламасы аясында қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы туралы жалпыұлттық зерттеудің қорытындысын жариялады. Зерттеуге Қазақстанның 14 облысынан 1200 адам қатысқан.Олардың әрбір үшіншісі өзінің қаржылық сауаттылығын қанағаттанарлықсыз деп бағалаған. kaspi bank-тің басқарма төрағасы Михаил Ломтадзенің айтуынша тұрғындардың өздеріне сын көзімен қаруы олардың білімін жетілдіруге ниеті барлығын білдіреді. Зерттеуден белгілі болғандай әрбір үшінші қазақстандық артық қаражатын «жастықтың астында» сақтағанды жөн көреді. Отандастарымыздың әрбір екіншісі салымдардың қауіпсіздігіне мемлекет кепіл беретінін білмейді. Тек 10 адамның 1-і ғана қаражатын банкте жинайды. Отандастарымыздың 40 пайызы жанұялық бюджетінің есебін жүргізбейді. Нәтижесінде әрбір екінші адам ай соңында ақшасыз қалады. Мұндайда көпшілігі үнемдеуге, таныстарынан қарызға ақша алатынын айтқан. Ал, 7 пайызы банктерге несие алуға жүгіреді екен. Сұралғандардың 43 пайызы банктердегі депозиттің сақтандырылғанын білмейді және түгелге жуығы (білетіндер 6%-ақ пайыз), мемлекетпен кепілдендірілетін шекті соманың мөлшерін білмейді (5 миллион теңгеге дейін). Сарапшылар халықтың бұл ақпараттан хабарсыз болуы жалған SMS-хабарламаның салдарынан дағдарыстың тууына әсері болды дейді. Зерттеу қорытындысы бойынша сарапшылар қазақстандықтардың инвестиция, қаражатты сақтау мен несиелендіру бойынша қаржылық сауатын арттыру жедел қолға алынуы қажет деп отыр. Сауалнама Brif Research Group және TNS Gallup компанияларымен жүргізілді. Еске сала кетейік, қаңтар айында kaspi bank «Қаржы мәдениеті» ағарту бағдарламасына 1 миллион доллар бөлген болатын. Бұл қаржы қазақстандықтардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған түрлі жобаларды қолдауға бағытталған инвестиция болмақ.

Қатысты Мақалалар