Осы ФБ-да және кейбір БАҚ-та Мұқаң - Мұқтар Шаханов туралы біраз артықтау сөз жазылып жатқанын көріп жатырмыз. О бастағы принципім сол - бізде көзі тірі ешкімнің жеке басына табыну болмауы керек! Және де өткен Мұқаң ұйымдастырған Құрылтайға қатысты сыни пікірімді мен де кезінде айтқанмын, бір айтарым - ешкімнің жеке басына тиіскенім жоқ, дәлелсіз ақпарат таратқаным жоқ. Бірақ, жақсының жақсылығын айт деген тағы бар. Мұқаң - ақын әрі азамат ретінде жаңаша қазақ тарихында өз орнын ойып алған биік Тұлға! Әрине, саясат болғандықтан әртүрлі қадамдар болады. Менің түсінуімше, Мұқаң саясатқа халқы, ұлты үшін араласты. Сондықтан ағамыз туралы әртүрлі алып-қашпа әңгімені ең алдымен, біз, қазақтар өзіміз, доғарғанымыз дұрыс болар. Сөйлесек, жеке басқа тиіспей, өсек сөз жинамай, биік, халықтық тұрғыдан сөз сөйлейік, керек болса, ортақ істі жақсарту тұрғысында сын да айтайық. Кейбір Мұқаңды және басқа да билікке сын айтушыларды сынап-мінеуді ұнататын қазақ тілді сайттарға айтарым мынау: Сөздеріңіз, сындарыңыз өсек емес, кесек болсын! Ұлттық платформадағы күштер мен тұлғалардың етегіне басқалардың да жармасып жатқаны жетер! Оларға сіздер қосылмай-ақ қойыңыздар! Сынасаңыздар, елді, ұлтты осындай мүсәпір жағдайға жеткізген ағымдағы билікті сынап көріңіздер!
Әміржан Қосанов
(Фб парақшасынан)