Блогшылар назарына! Тағы да бәйге

/uploads/thumbnail/20170708151432618_small.jpg

Қарағанды қаласының 80 жылдығына орай қазақ блогерлері арасында байқау жарияланды

Байқаудың басты тақырыбы - кеншілер шаһары жайында. Мерейтойға арналған метриал сайттарда, блогтұғырларда, блогтарда 8 – 20 наурыз аралығында жариялануы тиіс. Ол жазба, фото, видеоматериал бойынша үш аталымда өтеді. Барлық материал әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталуы тиіс. Жеңімпаздар Қарағандыда 23-24 наурыз күндері өтетін IV Халықаралық блогқұрылтай қарсаңында анықталады. Әр номинация бойынша үш жүлдеден тағайындалады. Жеңімпаздарды «Қазақстан» РТРК АҚ-ның Интернет жобалар бөлімінің басшысы М.Жәпек, Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Қ.Жұмағали, Қарағанды облысы жастар саясаты басқармасының басшысы М.Құттыбай және белсенді блогшы А.Жақыповтар таңдайды. Естеріңізге сала кетсек, блогқұрылтай еріктілер көмегімен өткізіледі. Бұл шараға негізінен IТ мамандары, блогшылар, жаңа медиа технологияларымен айналысатын мамандар, журналистер, студенттер, зерттеушілер қатысады. Олар өздерінің жобаларымен бөліседі, жасаған бағдарламаларын ұсынады, серіктестер табады, кейде ұсынылған жобалар бизнес жобаларға ұласады, жаңа медиа өкілдері өзара танысады, достасады.

BNews.kz

Қатысты Мақалалар