Есентай өзенінен 35 Камаз қоқыс шығарылды (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708232737219_small.jpg

Алматыдағы Есентай өзенінен 35 Камаз қоқыс шығарылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы қаланың Жетісу аудандық әкімдігіне сілтеме жасап.

Ауданда тазалық жұмыстары 30 наурыздан бастап жүргізіліп жатқан көрінеді.

Аудан әкімінің орынбасары Дамир Әкежановтың айтуынша, қазір тазалық жұмыстары Есентай өзенін қоқыстан тазартуға жұмылдырылған.

«Барлығы 5 техника мен 12 жұмысшы қазір өзен арнасы мен айналасын тазалауда. Бүгінге дейін 225 текше метр қоқыс шығарылды», - дейді ол.

Сондай-ақ, Алматыда 4 сәуір күні «Медеу» республикалық мемлекеттік қорық саябағының аумағында сенбілік ұйымдастырылған. Оған барлығы 500-ден астам адам қатысып, 1000 түп жаңа ағаш отырғызылды.

Қатысты Мақалалар