Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-та өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит барысында Барак Обамаға сыйлық жасады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаевқа сілтеме жасап.
Вашингтондағы бас қосуда Елбасы саммит жұмысынан басқа 15 шақты шет мемлекеттер мен үкімет басшыларымен кездесу өткізген. Сондай-ақ, Президент Н. Назарбаев АҚШ-тың танымал саяси және қоғам қайраткерлерімен де жүздескен.
«Саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ басшысы Барак Обамаға сыйлық жасады. Естеріңізде болса, 2012 жылы Барак Обама Сеулде өткен саммитте Елбасыдан қазақтың тұмарын сыйлық ретінде алған болатын. Бұл жолы Нұрсұлтан Әбішұлы оған символикалық мағынасы зор сыйлық – қазақ суретшісі, халықаралық антиядролық қозғалыстың белсенді мүшесі, АТОМ жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков салған «Жарылыс» картинасын сыйға тартты», - дейді Дәурен Абаев.