Астанада Есіл өзенінің сол жағалауына су жайылуда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Бас қаладағы Сығанақ көшесін су алып кеткені туралы хабар бүгін сағат 10.45-те түскенін хабарлады ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
«Оқиға орнына жеткен арнайы мамандар АstanaVipProject құрылыс компаниясы жүргізіп жатқан жұмыстар кезінде тиісті талаптар бұзылғаны анықталды. Соның салдарынан Кіші Талдыкөл көлінің суы кабель арнасына кетіп, Сығанақ көшесіндегі жолдың үстіне шыққан. Су 300 метрге жуық жолдың бетіне көтерілген. Тереңдігі 20 сантиметрге жетті. Қаланың шұғыл қызметтері жедел әрекет етті», - дейді ол.
Орын алған қолайсыздықты жою үшін «Астана Тазалық» мекемесінің, құрылыс компаниясының және Астана қаласы ТЖД-ның 21 техникасы жұмылдырылған.