Қазақстан кімге қанша қарыз?

/uploads/thumbnail/20170708233211410_small.jpg

2015 жылдың ІІІ тоқсанында Қазақстанның сыртқы қарыздары 155,57 миллиард долларды құрады, - деп жазады LS.

Ол қарыздардың үштен бір бөлігі Нидерландыға тиесілі. Бұдан басқа қарыздың 18 пайызы Ұлыбританияға, 9 пайызы Қытайға тиесілі көрінеді.

Ұлттық банк деректеріне сүйенсек, өткен жылы Нидерланды алдындағы қарыздарымыз 2014 жылдың аталған кезеңіне қарағанда едәуір төмендеп, 43,13 млрд долларды құраған. Ал, Ұлыбритания алдындағы қарызымыз 10 пайызға өсіп, 4,13 млрд долларды құраған. Қазақстанның Кайман аралдарында да 1,1 млрд доллар қарызы бар көрінеді.

Ал, Қытайға қарызымыз 2015 жылдың 1 тоқсанында 13,35 млрд долларды құрайды. Бұған Гонконг үкіметіне қайтарылуы тиіс 5,12 млрд долларды қосыңыз.

Бұл сыртқы қарыздардың 8,6 млрд доллары банк секторының қарызы болса, 11,2 млрд доллар мемлекеттік секторға тиесілі. Қарыздың қалған бөлігі фирмааралық қарыздар (81,6 млрд доллар) мен резидент емес тұлғалардың қарыздары (54,2 млрд доллар) көрінеді.

LS сонымен қатар, 2016 жылдың 1 қаңтарында еліміздің сыртқы қарызы 153,45 миллиард долларды құрағанын жазады.

Қатысты Мақалалар