Мәскеуде І Петрдің сақал қойғандарға салық белгілеу саясаты алынып тасталған күннің құрметіне орай «Сақалдылар мен мұрттылар байқауы» өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жыл сайын өтетін сақал мен мұрт чемпионаты10 аталым бойынша өткен. Соның ішінде әйелдер және балалар қатыса алатын «Фэйк» дәрежесінде жеңімпаздар анықталды.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, чемпионат өтетін күн де белгілі бір мақсатпен таңдалған.

«Екатерина II 74 жылдан кейін ғана - 1772 жылы 6 сәуірде салықты (Петр I енгізген сақал өсіргендігі үшін салынған салық) жойған. Бұл күн Ресейде сақалдылар күні болып есептеледі», - делінген жарыс сайтында.