Тек және тәрбие

/uploads/thumbnail/20170708233613044_small.jpg

Тәрбие мен тек ежелден егіз ұғым. Тек бар жерде тәрбие бар да,тәрбие бар жерде тек бар.  Өйтетіні,тек–тіршіліктің тірегі, жасаушысы, жалғастырушысы және тіршіліктің алуан түрлілігін сақтап қалушы, оған өзіндік өмір силаушы. Жерде жорғалаған жәндік, қарымды  Һайуанаттан тартып,аспанда самғаған құсқа дейін, күллі тіршілік иесі қашанда өз тегіне тартпай қалмайды. Ешқашан да екінші бір текке өзгермейді, өзгеруі де мүмкін емес. Бұл тіршілік заңы. Жаратушының күші. мысалы: Туыстық жағынан қарайлас келетін, суда тіршілік ететін,балық пен бақаны алсаңыз, балықтан балық туады да, балық болып өмір сүреді. Балықтан бақа тумайды, сол тәрізді бақа ешқашан да балық бола алмайды.
Жер шарында тіршілік ететін күллі тіршілік иесінің өз тегінен келген ұрпақ жалғастыру,оны баулып өсіру, өзіндік тәрбие тәсілі болады. Ол тұқым қуалау жолымен ұрпақтан ұрпаққа мәңгі жалғасады. Қазақтың: ‹‹Құс ұядан нені көрсе, ұшқанда соны алады›› дейтін тәрбие туралы мақалы да тек пен тәрбиенің қатысынан туғаны анық. Енді осы туралы өзім көрген бірер жәйді айтайын: Отбасымда кей кездері тауық бағатын әдетім болушы еді. Осы әдетім бойынша, мекиендерге  жұмыртқа бастырдым. Мекиен байқұс тап жылымай, кейде тіпті нәр татпай жұмыртқаларды бауырна басты. Жем, су бергелі барсаң, жұмыртқа күйіндегі жатқан болашақ балапандарынан қызғанып, қызғыыштай қориды. қауырсындарын күрбитіп, адамға айбар шегеді. Содан уағы жетып, балапандарын бір-бірлеп шығара бастады. аяқтанған соң, сыртқа да шығып жем тере бастады. Енді балапандарын қалай баулып-тәрбиелейді екен деп,бақылау жүргізе бастадым. Мекиен тауық тынбай жер тарпып,тапқан жемдерін өзі жемей, балапандарына шұқып көрсетіп, алдына тастайды. Жемді қалай шұқып жеуді үйретеді. Сосын тірі құртты қайтер екен деп,алдына тастадым. Балапандар алғашында оған үрке қарады, өздігінен шоқымады. Бұны көрген ана байқұс,тарпа бассалып, ары шоқып, бері шоқып құрттың бойынан жан кетті-ау дегенде барып балапандарының алдына тастады. Балапандары бірінен соң,бірі алып қашып, ең соңінда  әлдірек біреуі қылғи салды.
Ал қарылғаш адамға өте жақын жыл құсы ғой. Қаһарлы қыс өтіп мамыра жай көктем келісімен мекендеріне қайта оралып,тіршілік қамдарына көшеді. Ол ылғи адам отырған үй арқалықтарына тұмсығымен тістеп тасыған балшық, қыл-қыбыр, құм қиыршықтарын араластырып, бейне құрлысшылардың кесек қалағаннындай етіп, өзара қисындастырып, қиыстырып, белгілі геометыриялық пішінге ие ұя салып жұмыртқа басады. Балапан шығарып баулиды. Ұяны ылғи  да биік жерге салатындығынан болар,басқа құстарға ұқсамайтын бір ерекшелігі,балапандары қанаттана, жетіле бастағанда-ақ, жылқының жал-құйрық қылдарымен аяқтарынан қосақтап, матап тастайды. Бұл оның балапандарының биіктен құлап түспеуі үшін жасалған шара–тарбиесі. Осы тәрбиеге балапан құс шартсыз бойсынады. Міне бұл осы тауықтың, немесе  қарылғаштың ойлап тапқан ұрпақ өсіру, баулыу амалы емес,тауық тауық болғалы, қарылғаш қарылғаш болғалы, тектен қалыпғасып кележатқан өмір сүру жолы,тіршілік тәсілі. Осы арқылы табиғат дүниесіндегі тіршіліктің өмір сүру, жалғасу қағидасы барлыққа келген. Егер бұл қағида бұзылса, тоқтаса, онда тіршілікте тоқтайтын еді. Міне бұдан әрқандай тәрбиенің бастау көзі–тек дейтін ұғым туады.Олай болса,тек дегеніміз не,оның тәрбиемен қандай қатысы бар?
Тек–биологиялық тілмен айтқанда,тұтас тіршілік дүниесінің арғы ата-бабаларынан ұрпақтарына тұқым қуалау арқылы жалғасып келе жатқан ген жалғастығы. Ал ген–тұқым қуалайтын зат. Ол өзгермейді, өзгеріске ұшырамайды.
Әр қандай тәрбиеде тек ұғымы қамтылып жатады.Тек арқылы келген тәрбиенің орнын басқа тәрбиелер еш уақытта баса алмайды, басуы да мүмкін емес. Сондықтан тектік қасиет ұлттық қасиетпен бірге өріліп, бірімен-бірі тамырланып,тағдырласып жатады.  Біздің қазақ текке,тек арқылы тәрбиелеуге әу бастан-ақ мән берген. Мысалы: Жеті атаға толмай қыз алыспау,тегі жақсы жерден келін түсіру.т.б. Сондай-ақ тектің,тектегі тәрбиенің ғылыми мәнін танып,оны тұрмыс-тіршілік, салт-сана, әдет-ғұрып, қысқасы тұтас  рухани құндылықтарының бәріне ет пен терідей сіңіре  білген. Енді осы ойымызға көшелік:
Қазақ халқы ежелден көшпелі малшаруашылығымен шұғылданған, күн көрісінің маңызды тірегі төрт түлікті негіз еткен ұлт. Байқасаңыз, осындағы  төрт түліктің аталық-ананлығын таңдау барысы да, текті шығар түйін еткен. Тегі жақсы асыл тұқымдарды аталық-аналыққа таңдайды. «Пәлен байдың жылқысының тұқымы жақсы еді. Шетінен жорға, жүйрік шығатын, солардан айғыр салсақ» -деп малдың тегін танитын жүйрік сыншылар айтып жатады. Расында, сол тұқымнан кілең жорға, жүйрік шығады. Малдың тегін бір көріп-ақ таниды.
Қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абайдың:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, - деп жырлағаннындай қазақ салтында адамның тұтас ғұмыры өлең-жырсыз,той-тамашасыз еш уақытта өтпеген. Ал енді осы көл-көсір ойын-күлкі, ән-жыр әшейін уақыт өткізіп,бой жазып,сән-салтанат құру үшін болған ба? Мүлде олай емес. Бажайлап байқап,ой көзімен қарасаңыз,оның арғы жағында өте мол тағылым-тәрбие,білім,рухани дүниесі жатқандығын көресіз. Осыған қарап,қазақтағы бала тәрбиесі тек бала алғашқы дүние есігін ашқандағы шілдеқанадан, шілдеқана тойынан басталған екен деп,жаңсақ түсініп қалуыңыз да ғажап емес. Тәрбиенің одан да ары жатқандығын,тіпті ана құрсағындағы кезден басталғандығын мына бір жәйдан анық байқайсыз. Қазақ халқында кіндік шешенің бала тәрбиесіндегі орыны ерекше қадырлы болған. Өйткені, ол баланың өз туған анансынан кейінгі ардақтап құрметпен қарайтұғын екінші анасы. Келіннің бойына алғаш бала бітіп,‹‹ақ алғысты ›› жерік болып жүрген кезінен бастап, көрегенді енелері балаға кіндік шешені іздеп, іштей таңдай бастайды. Ол аралықта ‹‹мен кіндік шеше бөламін››деушілердің аяғы үзілмейді. Солардың арасынан өнегелі енелері ‹‹өй,ана бәленшенің мінезі биязы,өзі үнемі жайдарі жүреді, түгеншенің өзі өнерлі,қолы іскер,ашық››-деп олардың жақсы қасиеттерын жинақтай келе біреуін ‹‹кіндік шеше етіп таңдайды. Осы бастан бастап кіндік шеше болған адам аяғы ауыр болашақ анаға бойын күтуді, жүріп-тұруды,қалай тамақтануды үйретіп, іштегі жатқан шаранаға қамқорлық пен тәрбиені әуел бастан бастайды. Арасында үйдің тірлігіне де,келіп-кетіп,қарайласып тұрған. Осындай жақын араластықтан олар келіннің босанатын ай-күніне дейін білген. Ал енді қазақ:‹‹бала кіндік шешеге тартпай тумайді››деп бекер айтпаған, өйткені жаңадан шыр етіп,жарық дүние есігін ашқан баланың тірі тәнін қолмен ұстап тұрып,кіндігін кесу арқылы,әр бір адамның бойында болатын табиғи вирос пен адам бойындағы қасиеттер белгілі мөлшерде балаға беріледі. Бала денесі де бірден қабылдайды оны. Сондықтан да баланың әке-шешесіне,ата-әжесіне тартпаған кейбір мінезі міндетті түрде кіндік шешеге тартады. Кіндік шешені ардақтап-қадырлейтын де,оған үлкен мән беретіні де сондықтан. Іштегі баланың кіндік шешеге тартатыны туралы,  бұл ойды нылқы ауданы мыс ауылы емханасынан зейнетке шыққан қазақ емшілігінің майталман маманы Әлеш Сабытақынұлы ‹‹Тал бесік туралы толғаныс››деген мақаласында да, ғылыми жақтан жетерлік мөлшерде  дәләлдеген болатын. Қазақтағы кіндік шеше туралы қалыптасқан бұл ұғым, қазіргі медицина ғылымындағы  баланы іштен бастап тәрбиелеу деген ғылми қағидамен қалытқысыз сабақтасады. Өйткені мамандардың дәлелдеуінше: Бала бойға бітпес бұрын болашақ ата-ана кемінде үш ай көлемінде психологиялық–физологиялық тұрғыдан үлкен дайындықтан өтуі керек деп қарайды. Себебі: Сәби іште жатқан бесінші айынан бастап,айналасындағылардың бәрін сезе бастайды. Шешесінің не әкесінің дауыстарын естиді. Айналасындағы болып жатқан құбылыстарды сезеді. Ана болған адам міне осы кезден бастап, өзінің психологиялық күйін меңгеріп,ашуланбай,сабырсыздыққа бой алдырмай,кісі аяғы көп жүретін,атмөсперасі ауыр, үнемі айғай-шу болып жататын жерлерден аулақ болып, ғылыми хоректенып, жанға жайлы тыныш, көркем ортада сейілдеп-серуен тұрса, кітап оқып, «құлақтан кіріп,бойды алар» әсем ән мен тәтті күйден лаззаттанса,бұл іштегі баланың да рухани дүниесіне әсер етеді,  деп қарайды. Міне мұның өзі баланы іштен бастап тәрбиелеуге жатады. Қазақтағы осындай тәрбие мен тағылым баланың өсіп-жетілу,есею барысына тұтастай сіңірледі. Жоғарыдағы айтылған ‹‹кіндык шеше›› ұғымы осыны көрсетеді.
Адам өміріндегі ірілі-ұсақтылы осынау көп той-тамашаларды,ырым-жырымдарды айтпай-ақ,мына бір жайді, зерделей ойлаңыз,осының өзінде қаншалық тәрбие көздері,тәрбие бастауы жатыр?
Қазақтың құда түсу,келін түсіру,қыз ұзату барысы,тойларының бәрінде де үлкен ұлағаттылық,ғылымилық,тәрбие жатыр. Бұрынғы ата-бабаларымыз ұлы ержетіп,келін түсірерде,не қызы бой жетіп,ұзатыларда болсын , құда жақтың тегі қандай адамдар екен,тегінен қандай ұлағатты адамдар шыққан екен? деген сияқты түрлі қарсы жақтың(құданың)тегін тектеген,оны арыдан тексеріп,анықтаған,білетіндерден сұрап ұққан, әсте тегін білмей,келін түсірмеген,қыз ұзатпаған.‹‹Аяғын көр де,асын іш,шешесін көрде қызын  ал››деген мақал осы текті тектеуден қалған. Бұның да өзіндік тәрбиелік,ғылыми негізі бар. Текті жерден келін түсірсе,сол келін отбасына ғана емес,тұтас ауыл-аймақ қа үлгі-өнеге,кішілік,кісілік танытып,оларды береке-бірлікке ұйымдастырады.Ол ауылға кетпейтін ырыс,бақ-дәулет қонады деп қараған.Ал осындай инабатты әйелден сапалы,көрегенді,білімді,тәрбиелі ұрпақ тарап,ауыл-аймаққа  ұйтқы,береке болады деп қараған. Өйткені әйел–үлттің болашағы,тәрбие тал бесіктен басталады. Осындай тамаша салтымыздың үлгісі ретінде, кешегі шарапатты Қызай ана, Абақ ана,Ұлпан,Зере,Ұлжан сынды текті де тәрбиелі,көшелі де,көреген,тұтас елдікті сақтап абзал аналарымыздың аты  қалды.
Тектен келген тарбие–қазақтың тұтас рухани өміріне терең сіңген,мұның көлемі көл-көсір. Әкенің ұлға,шешенің қызға деген тәрбиесі,үлгі-өнегесі–түтас күн көрудің,тіршіліктің әр бір буындарына дейін тамыр тартқан.‹‹әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон пішер» деп,таныған халқымыз мал шаруашылық өміріндегі үзіліссіз,ауыр,жапалы тірліктен қолдары босай қалған сәтте:балаларіна ертегі,қиса,аңыз,шежіре,жыр-тақпақтарды,қысқасы,ауыз әдебиетіндік мол мұраларды майын тамыза айтып,құлақ құрышын қандыра тәрбиелеген. Бұның өзін сол кездегі‹‹кешкі мектеп›› десек ағат кетіп ,артық айтқан болмаймыз. Ал енді үйге келген қонақты құдайындай күту,асты-үстіне түсіп бәйек болу,келген қонақтан қонақ кәдесін сұрау дейтін басқаларға ұқсамайтын тамаша салтымыз,мәдениетіміз бар.Міне бұл да ұрпақ үшін мол үлгі-өнеге,өнер-былым. Өйткені олар айтқан ертегі,эпос,шешендік шертпелер мен ән-күйлерді тыңдап жаттап өскен. Одан қонақтың тек сөз өнеріндегі қасиетын ғана емес,оның кісілік қасиеттерін,адами болмыстарын өнеге еткен,одан қонақ күту мәдениетімізді таныған. Ал күнделікті тынымсыз тірлігімізде ‹‹баланы жастан,әйелді бастан››деп,әкесі ұлын,шешесі қызын қасынан тастамай,семия шаруасына араластырып,өзі үлгі көрсетіп баулыған,қызына адептілікпен,инабаттылыққа,қырық үйден тиымға бойын үйрете жүріп,отбасы тұрмысының әр түрлі қырын танытса,ал ұлын ат жалын тартып мінер шақта,қасынан  екі елі айырмай ел көрсетіп,жер танытып,жақсы-жаманды көрсетіп,дауға да,жауға да сала жүріп,елдік қасиеттерды танытып,сегіз қырлы,бір сырлы,ер  жүрек,намысты болуға  кісілік қасиеттерге тәрбиелеген. Осындай тәрбие сол кездегі тарихи жағдайдан,өмірден туғаны ақиқат!
Міне осындай құнарлы топырақ пен мәдениетті ортадан Әл-Fарабидей ғұллама ғалымдарымыз, Абайдай ұлы ойшыл, ақынымыз, Абылайдай қайсар  ханымыз, Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, Райынбек сияқты мыңдаған  батырларымыз, Майқы, Кетбұға, Жиренше дей жүздеген шешендеріміз,шарапатты да,киелі асыл аналарымыз дүниеге келген. Осындай алыптарды туғызған күш– тектен келген тәрбие емеген де не еді?!
Қазақ хандығына зер салсаңыз да, хандық таққа кез-келген адам отыра бермеген. Иә ол хан тұқымынан мұрагерлік жөлмен,иә текті жерден тұтас ел болып оны мойындап, ақ кіигізге отырғызып( Оспан батыр сияқты),хандық таққа әкелген.Мысалы: Үш жүздің басын біріктіріп,қазақ елын‹‹ақтабан шұбырынды,алқакол сұламадан››аман-есен алып қалған, сөйтіп қазақ–қалмақ соғысында түбесілі жеңіске қол жеткізген Абылай ханның арғы ата-бабалары күллі дүниені дүр сілкіндірген Шыңғысқан ұрпақтары.
Енді қазақтың ұлттық ойындары, ырымдары мен тиымдарына келсек,бұның да арғы жағында кемел  білім-тәрбие көздері сайрап жатыр.Мысалы: Ат үсті ойындыры саналатын ат бәйге, көкбар,теңге ілу сынды ойындары адамды ержүректілк ке,ептілік ке, тоғызқұмалақ , дойбы сынды ойындар адамның ой-өресін,ойлау әдісін  жетілдіруге, түрлі асық ойындары мен ділдекеш, жармақ тебу, шаңғы,көңки тебу сынды ойіндар  ептілік ке, қағылездык ке,мергендік ке,сан үйренуге баулыса, енді бір жағынан дене шынықтыруға жәрдемдесіп,‹‹бір тал оқпен екі қоянды ату››мақсатына да жеткен.
Ал ырымдарымыз бен тиымдарымыз балаларды ‹‹жаман боладі››деген сөзбен күллі жамандық атаулыдан тиып,адамгершілік ке,ақылақ қа, мөрал тазалығына жетектеуде танымдық, тағылымдық рөл атқарған. Мысалы: Көк шөпті жұлма, кісіге пышақ оқтама, жағыңды таянба, суға,отқа симе,үйге қарсы ат қойма(шаппа) т.б.  Міне осындай тектен келген ұшан –теңіз байлығымыз,тәрбие бастауымыз еске түссе болғаны бүгінгі тарихы мен тегін білмейтін тексіз,тамырсыз,рухани мүгедек халге кіріптар болған ішінара жастарымыз еріксіз еске түседі. Олардың басындағы хәлді көріп,ұлт тағдырынан,болашағынан алаңдамай тұра алмайсың. Оларды осындай тағдырсыз,тамырсыз күйге түсірген қандай күш, қандай себеп деп,күйзелесің?!
Бажайлап бақсақ, бұныңда көп жақтылы себептері бар.Меніңше,ең басты себеп:тектен,отбасынан келген тәрбиенің жетерсіздігінен,жетесіздігінен деп қараймын. Өйтетіні ‹‹құс ұядан нені көрсе,ұшқанда соны алады›› демекші әр қандай білім-тәрбие отбасынан,тал бесіктен,ана әлдиінен басталатындығын ұлы ойшылдарымыз,ғұламаларымыз айтып та,жазып та жүр. Дегенмен, тәрбие туралы ұлы ойшылымыз Абайдан асып,ешкім айта алған жоқ-ау деймін. Абай:‹‹адам ата-анадан туғанда есті болмайды. Естіп,көріп,татып ескерсе,жақсы мен жаманды таниды дағы сондайдан естігені,көргені көп адам білімді бөладі››дейді. Тағы бір созынде:‹‹ғылым-білімді әуелі бала өзі іздеп таппайды. Басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек.Үйрене келе өзі ізденгендей болғанша,бір бала ғылым-білімді қашан махаббатпен көрер болса,сонда ғана оның аты адам бөладі››дейді.Ал, белгілі қазақыстан ғалымы Ғалия Абылбакева:‹‹заманға сай отбасында бала тәрбиелеу–аса үлкен жауапкершылык пен білімді талап етеді» дейді.Осыған қарағанда,тегімізден келіп,қан тамырымызға тараған білім-тәрбиемізден қазіргі күнде қапыда көз жазып қалдық. Баламен бірге өзімізді тәрбиелеуге,көп білім иелеуге құлықсызбыз.Өйткені бізде арнаулы ‹‹отбасы тәрбиесі››дейтін жүйелі ғылыми білім қалыптаса қоймаған, басқа тұрмыс-салттық білімдерімен араласып жүр. Содан қоғам дамыды,заман өзгерді. Мынау ғылым-мәдениеті дамыған 21- ғасырда,адамдардың санасы да ескіліктің көлеңкесінде қалып қалмауы керек деп,бізден озық өзге мәдениетті елдердің қатарына қосылуға түрлі жақтардан күйіміз келмегендіктен,олардың тозық дүниесінесіне талғаусыз,көзсіздікпен еліктейміз. Өз мәдениетінің,тілінің,діннің уызына жарымаған ұрпақтың басқалардың мәдениетін,тілін,ділін біліп қарық қылмайтындығын танымаймыз. Көріп тұрсақ та,біліп тұрсақта одан тайсақтаймыз. Айналамызға,алысқа назар салсақ,бізден басқа өркениетті елдер мүлде олай істемеген.
Ата-баба дәстүрін қандай заманда  өмір сүрсе де бұлжытпай сақтауға тырысатын ұлттардың бірі жапон ұлты. Ғылымы мен техикасы қарыштап дамып,кез-келгеннің ақыл-ойы жетпес ғажайып технологияларды өндіріске енгізіп,соның арқасында экономикасімен өзге елдерден озық тұрған жапондардың адам тәрбиелеуге деген ынтасы өзгелерден өзгеше. Баланың ержеткенше рухани толысуы үшін ғұрыптары кұншығыс храмдарында күні бүгінге шейін бұлжытпай орындалады екен. Ер бала беске, қыз бала  жетіге толғанда ата-анасы оған арнайы кимөнө кигізіп,храмға апарып, баланың аман-саулығы үшін рәсімдер жасалады. Осы шараға арнайы ұлттық тағамдар әзірленеді. Бала ержетіп,21  ге толғанда,арнайы кимөнө киіп,храмға барады.Үлкен өмірге қадам басуы осы кезден басталады. Бұл ең әлдімен ата-баба дінін жүрегіне ұялатып,бойына сіңірумен байланысты. Ер не қыз балалардың ойнайтын ойыншықтарына дейін ұлттық нақышта жасалған. Ойын арқылы жапон баласы ер бабаның ерлігін түсініп, дана әженің шеберлігін таниды. Мысалы: ‹‹карута төри››деген ойынды кішкене баладан бастап,ересек адамдарға дейін ойнайды. Ол, әшейін уақыт өткізіп,ермек үшін емес, елінің кешесін санасына сіңіруге арналған. Бұл ойынды ойнау үшін байырғы әдебиеттен 100 жыр білу керек. Бұл 100 ақнның өлеңін жатқа айтумен бірдей деген сөз. феноменды ми қабылиеты осылай дамиды. Сонда тәрбиедегі кұншығыс елімен біздің ұқсастық жеріміз: өтбасі тәрбиесіне мән беріп,ер баланы ел қорғаны,қыз балаға келешек отбасының ұйтқысы болуға баулу. Бажайлап қарасақ,ата-бабаларымыздан бүгінге мұра боп қалған тағылым-тәрбиеміз,тұтас рухани құндылықтарымыз,болмысымыз дамыған өзге елдерден асып түспесе,кем қалмайды екен.Онда мәселе неде түр? ‹‹Өзі болған қыз төркінін танымайды ››дегендей,бүгінгі ішінара отбасыларымыз қазіргі заманның талабы мен үрдісімен жүреміз деп,сол асыл мұраларымыздың құнын танымай,бағасын кемітіп алғанымызда,соны ұрпақтарға көненің көзіндей етіп,қаймағын бұзбай жалғастыра алмағанмызда. Ұрпақ жүрегі сонымен толық сусындап,толық қанды азамат болып өспегендігінде. Бұл күймізге ұрпақ кінәлі, ұрпақтың еншісіндегі шаруа емес. Өйткені олар балапан жас шыбық. Қалай иіп не жасаймын десең, соған келеді. Мәселе оны қалай танып,қалай мәпелеп,тәрбиелеп өсіріп, дұрыс бағдар, даңғыл жол көрсетуде тұр. Бұл туралы әр кім өз ойындағысын,козқарасын айтатын болуы мүмкін. Ал, өз ойімша: Әр бір отбасы тегімізден жалғасып бүгін ге жеткен,арада үзіліп қалған сол асыл құндылықтарымызды терең танып,сонымен ұрпақтарын сусындатып,оны жүрегінің төрінен орын алдырып,соны күнделікті тұрмыс дағдысына айналдырып өссе  деп қараймын. Бұл дегендік,тек, тектік білімдерді айналсоқтап,қазіргі күннің озық мәдениетінен,ғылымынан кенде қалсын дегендік емес. Алдімен өз тегінен қалған білімдер жүрегіне терең тамыр тартып,онан соң,қазіргі ғылым-мәдениетпен қанаттанса дегендік қана. Сонда ғана біз, ең алдымен  өзімізді,онан соң өзгені біліп төрт құбыламыз тең болар еді! Бұл біздің алдымыз ға ,ұрпақтарымыз алдына да   қойылған  ортақ заман талабы.
Енді арада үзіліс жасаған сол тектік қасиеттерымызды қалай түгендеп жалғап-жасаймыз деген ортақ сұрақ тұр,ойландыратын. Енді осыған өз ойымша тоқталуды жөн санадым. Қазіргі отбасында бала үшін,бала тәрбиесі үшін қолданысқа түсер заттар,шарт-жағдайлар толық және кемелді. Соны балаға керекті рухани байлыққа айналдыруымыз жетерсіз. Соны баланың өсіп-жетілуі үшін мол рухани байлыққа жеткізіп қалмастан,мына жақтардан баланы жетектеп жебесе боларма екен деймін

1.     Әр қандай отбасында балаға керекті мол кітап қоры болуы керек.
Ең алдімен ата-аналарымыз өзі үлгі болып кітап сатып алып,оқып,кітапқа баланың ойын бұрып,ауыздандыру,қандай кітапті қалай оқуға жетелеу,жебеу,оны әр уақыт қадағалап байқап,сынап отыру керек. Өйткені, қазір бізде балаға керекті заттық жақтар ең әлдімен жасалып,баланы үлпілдеткеніміз соншалық,оның талабының қате-дұрысына қарамай,көзді жұмып табанда орындай саламыз.  Кейінгі болашағы жөнінде  ойланбаймыз. Елдің баласынан қай жері кем деп,  шолақ ойлап шорт кесеміз. Көбінде,балаға керекті заттық жақтар орындалып жатады да,рухани сұраныс ат-аяқсыз қалады. Сондықтан балаға ең керекті нәрсе,заттық тұрмыс болып саналмастан,рухани тұрмыс,рухани байлық ауадай қажет. Міне осыған алып келер күш меніңше,кітапта жатыр. Олайы, кітап–адам ақыл-ойының,білімінің жауһары,топталуы. Адам өзіне керектінің басым көбін кітапті оқудан алады. Кітап–өткен мен бүгінді,болашақты жалғайтын асыл да алтын көпір. Мұнда оқитын кітапті таңдап алудың өзі үлкен ғылым. Меніңше баланің  өсіп-жетілуіне, дүниені тұрмысты тануына қарай,таяздан тереңге, алдімен ертегілерден, қиял-ғақайыптардан бастап,онан соң өлеңдерден,өте-мөте Абай өлеңдері мен қара сөздерін,‹‹Абай››,‹‹Абай жолы››нан бастап,кеңейте берсек, бала Абайдың, Мұқағалидың өлеңдерін,Абай қара сөздерін жаттап өссе,мәні мен маңызы тіптен артар еді. Бала соған қарап,ойы мен бойын түзейтін еді.
2.  Отбасымыздағы қазіргі заманғы озық електір аспаптарынан өнімді, керекті пайдалансақ.  Олайы, қазіргі отбасындағы телеуизор,компитор,түрлі күй сандықтар  талғап,таңдап,керекті жерінен пайдаланса,бұл бала тәрбиесімен оның өсіп-жетілуі үшін,мол рухани азық. Бұны да  отбасындағылар қадағалап,жарамды жарамды ,өзіне керекті жерін қабылдауға өзі үлгі болып насихаттау керек.Талғамсыз қабылдаса,одан орыны толмас үлкен зардаптар тудырып,ата-анасына өкініш арқалатып,қоғамдық зардап тудырады.
3.   Балаға мүмкіндігінше ұлттық киімдерді барлық уақыттарда болмаса да тым құрығанда мереке-мейрам,той-топтарда киіп жүрсе, ұлттық ойындарға ,жалпы ұлттық құндылықтарға бойын үйретіп,жігерін ұштап өссе,баланың өз ұлтына деген мақтаныш сезімі,жауапкершілік сезімі алғашы қадамда орнай бастайтын еді. Меніңше болғанда, қазақтың ұлттық ойындарымыздан қазіргі күнге жарайтын біреуін таңдап алып,балаға ең алдімен ата-анасы үйде,олармен бірге Жапондарша бірге қосылып ойнаса,онан соң іріктеп,мектеп тәрбиесіне оны сіңірсе,оны әдетке, дағдыға айналдырса,оның бала тәрбиесіндегі өнімі жоғары болатын еді. Қысқасы,ата-ана болған адам  баланы мектепке мол дайындықпен,зор жауапкершілікпен апаруы,бейне ештеңе жазылмаған ақ қағаз күйінде асығыс-үсігіс апармауы,өз шамасының келгенінше өрнегін қалдырып,таңбасын басуы керек.
Түгел сөзіміздің түйіні:тегімізді,тегімізден туындайтын асылымызды арымыздай ардақтап,оны келешек ұрпақтың санасына шегелеп,кәдесіне жаратып,сол арқылы ұлттық бітім-болмысымызды сапаландыру үшін ат салысуымыз тіиіс!

 Шөленбат Жарасбекұлы   

А. Байтұрсынұлы жазуынан аударып ұсынған Шаяхмет ҚАЛИ.

Қатысты Мақалалар