Алматыда көше кезген есек туралы әлеуметтік желіде жарыса жазуда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Қайрат Құдайбергенов есімді желі қолданушысы: «Таңғы сегіз жарым. Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысы. Жалғыз жортқан есек өз шаруаларымен Алматы кептелісіне сіңіп барады. Несі бар? Дүйсенбі ғой!», - деп жазады.
Бұл көрініс қала тұрғындарына біршама позитив сыйлаған секілді. Бөгенбайды бойлаған есекті Фурманов көшесінің де қиылысынан көргендер бар екен.