Қазақстанның Түркиядағы елшісінің жүргізушісі қаза тапты (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708233609529_small.jpg

Қазақстанның Түркиядағы елшісінің жүргізушісі Анкарада жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Апаттан тағы үш адам жарақат алған.

Оқиға 10 сәуірде Сұлтан Сүлеймен атындағы бульварда болған. Қазақстан елшісінің жүргізушісі Ферхат Севил көлік тізгініне ие бола алмай, жолдағы барьерге соқтығысқан.

Ақпарат құралдары қаза тапқан жүргізушінің Түркия азаматы екенін жазуда. Жол апатын да өз көлігімен жасаған. Апат болған сәтте көлікте анасы, әйелі және жүргізушінің баласы болған. Олар түрлі дәрежеде жарақат алған.

Қатысты Мақалалар