Қазақстанның «Шабыт» домбырашылар ансамблі Мәскеу метросында импровизациялық концерт қойды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Метро вагондарында өнер көрсеткен домбырашылар жолаушылардың құлақ құрышын Құрманғазының «Балбраун» күйімен қандырды.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Алматыдағы «М. Әуезов театры» метро стансасында да П. Чайковский атындағы музыкалық колледж домбырашылары шағын концерт берген болатын.