Қанат Ислам 8 мамыр күні колумбиялық боксшымен кездеседі

/uploads/thumbnail/20170708234739023_small.jpg

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 8 мамыр күні колумбиялық боксшы Хуан де Анхельмен кездеседі, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Қарсыласым Хуан де Анхель – WBC нұсқасында орташа салмақтағы әлем чемпионы. Осы уақытқа дейін 22 кездесу өткізіп, оның 17-ін нокаутпен жеңген боксшы. Біз 8 мамыр күні кездесетін болдық», - деді жерлесіміз «Қамшы» порталының тілшісіне.

Қанат Ислам сондай-ақ, қазір алда өтетін басқа да үлкен кездесулерге қызу дайындық үстінде екенін айтады. Қанаттың қазір Америкада жаттығып жатқанын естеріңізге саламыз.

Сонымен, Қанат Ислам мен Хуан де Анхельдің кездесуі 8 мамыр күні АҚШ-тың Маями қаласында өтеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар