Шымкент темір жол вокзалының айналасы «түнгі көбелектердің» ордасына айналып отыр. Бұл туралы Фейсбук әлеуметтік желісінің қолданушысы дабыл қақты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Фейсбук желісіндегі Made in АУЫЛ парақшасында белгісіз азаматтың вокзал мағын жұмыс орнына айналдырған жезөкше қызбен әңгімесі түсірілген видео жарияланды. Онда жезөкше қыз вокзал маңындағы жеңіл жүрістілер жұмысының кейбір құпияларын жайып салған.
Өзін 95 жылғымын деп таныстырған қыз вокзал маңындағы жезөкшелер ай сайын полиция бастығына 5 мың теңгеден жинап беретінін айтып отыр.
Видео түсірген азамат қала полициясынан вокзал айналасын «түнгі көбелектерден» тазалауды сұрайды.