Ашаршылық ақиқатын арқау еткен сайт ашылды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708234954743_small.jpg

Большевиктер қолдан жасалған зұлмат – ашаршылықтан қырылған қазақты түгендейтін сайт ашылды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жобаға Қазақстан Президентінің мұрағаты мұрындық болып отырған көрінеді.

«1930-шы жылдары аштықтан қырылған қазақтардың аты-жөнін енді «asharshylyg.kz» деп аталатын сайттан табуға болады.

Жаңадан іске қосылған электрондық желіге кез-келген азамат өзінің зұлматты жылдары қаза тапқан ата-бабасының есімін енгізе алады. Осылайша тарихшылар қолдан жасалған қасіреттің құрбандарын нақты деректер бойынша есептемек. Президент мұрағаты мұрындық болған бастамаға басқа да аудандық, облыстық деңгейдегі мұрағат қызметкерлері мен зерттеуші ғалымдар атсалысады деп күтілуде. Себебі, Кеңес үкіметінің солақай саясатынан 1930-шы жылдары аштықтан қазақ миллиондап қырылып, тірі қалғандарының өздері жер ауып кеткен», - деп хабарлайды телеарна.

Борис Жапаров, ҚР Президенті мұрағатының директоры: 

-Сол қырылған кісілер көмусіз қалған. Отандастарымыздың аты-жөні кім еді, қай жерде, қандай жағдайда өлді деген сұрақтар туындайды. Біз көбінесе статистиканы айтамыз да соның артында тұрған отандастарымыздың кім екенін біле бермейміз. Сондықтан біздің бастап отқан жобамыз республикалық деректер базасы.   

Қатысты Мақалалар