Илья билегенде..(ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708235059354_small.jpg

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің жаттығу залында қазақ эстрадасындағы әуезді әндерге билеген билері әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқылануда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Қазақ ауыр атлеті Жасұлан Қыдырбаевтың Youtube желісіндегі арнасына жүктелген видеолардың ішінде Илья Ильиннің Қайрат Нұртастың орындауындағы «Алматының түндері», Төреғали Төреәлінің орындауындағы «Бол жанымда» әндеріне билеп тұрған сәттері де бар.

Желі қолданушылары ауыр атлеттің би қимылдарына түрлі баға беруде. Бірі спортшыны ән ырғағына үйлесімді би қимылдары үшін мақтаса, бірі «Илья басқа әнге билеген болуы мүмкін, бұл – монтаж» деп пікір қалдырған.

Қатысты Мақалалар