Алматыда жын-ойнақты жабуға әрекеттеніп жатқан сот орындаушылары жезөкшелердің қарсылығына тап болуда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы КТК арнасына сілтеме жасап.
«Алматыда заңға бағынбаған жезөкшелер ордасы жабылды. Қызметін тоқтату туралы сот шешімі шықса да үйреншікті жұмысын жалғастырған қонақүйлердің есігіне сот орындаушылары мөр басып тастады. «Қонақүй» деген аты болмаса, түнгі көбелектер толып жүретін бұндай ғимараттарды жабу оңай емес. Дөкей көкелеріне сенетін иелері заң өкілдерінің өзіне доқ көрсетуден тайынбайды», - дейді КТК.