Ресейде 4 мың елді-мекен су астында қалуы мүмкін (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708235418794_small.jpg

Көктемгі тасқын көрші Ресей тұрғындарын әбігерге салып жатыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24-арнаға сілтеме жасап.

Арнасынан асқан асау ағын елдегі 20 аймақты шайып кеткен. Салдарынан бір мыңнан астам адам жылы орнынан көшірілді. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар қызметі мәлімдеді. Айтуынша су тасқыны жүздеген үй мен мектепті, балабақшаларды басып қалған. Адам шығыны жоқ. Су деңгейінің жоғарлауынан кейбір елді мекендерде тек қайықпен қозғалуға ғана мүмкіндік бар. Төтенше жағдайлар қызметінің болжамы бойынша еріген қар суы әлі 4 мың ауылды басып қалуы мүмкін.

 

Қатысты Мақалалар