Айдос Сарым: Айбарлан, Алаш!

/uploads/thumbnail/20170708151441499_small.jpg

Қырымдағы жағдайды құлшына қарап отырып, мынадай сұрақ туды. Ресейшіл сепаратистер ұстап жүрген жүздеген Ресей тулары, жүздеген метр жораның жолақтары тәуелсіз елде қалай пайда болды? Оларды түнделетіп, қолына ине-жіп алып, көйлегін жыртып, еш Қырым тұрғынының тікпегені анық. 30 метрлік туларды ұстап тұрғандарды да көрдік. Не болса да Украинадағы жағдайдан барлық қазақ сабақ алуы тиіс. Елдегі өзге елдердің байрақтары мен туларының кеңінен таралуына, алдағы 9 мамыр күніне орай басталатын "жораның жолақтарын" таратуға, "Ресей", "КСРО" деген киімдерді киюге, олардың емін-еркін сатылуына тыйым салу керек. Соны үнемі талап ету қажет. Ұяттысы сол, кезінде бірнеше облыс әкімшілігі бюджеттен ақша бөліп, осы "жораның жолақтарын" жасатып, таратқаны белгілі. Атырау сияқты облыстар сепаратистік бағыттағы ұйымдарды шақыртып, қонақ қылып, насихаттап, бас алаңдарды қолдан беріп жатты. Сақтықта қорлық жоқ деген. Қазақ ұлтшылдарының айта-айта мезі қылған тақырыптарының барлығы сайып келгенде шындыққа айналып жатыр. Ұлт мүддесі, мемлекет тұтастығы, тәуелсіздігі мәселесіне келгенде жалпақшешейсіп, мүләйімсудің еш қажеті жоқ. Айбарлан Алаш!

Қатысты Мақалалар