Қаржы тапшылығынан Павлодарда мүшеқап алуға бөлінген қаражат қысқарған

/uploads/thumbnail/20170708235553967_small.jpg

Қаржылық дағдарыс Павлодар облысындағы «СПИД-тің» алдын алу орталығын мүшеқап алуға бөлінетін қаражат көлемін қысқартуға мәжбүрлеп отыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ratel.kz – ке сілтеме жасап.

Сайттың жазуынша, облыстық «СПИД-ке» қарсы орталық биыл мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жалпы құны 9 999 982 теңгеге мүшеқаптар сатып алмақшы екен. Бұл қаражатқа орталық әр данасын 82 теңгеден 121951 мүшеқап сатып алуды көздеп отыр.

Мүшеқаптар жылдағы дәстүр бойынша секс-өндірістің белсенді мүшелеріне (жезөкшелерге – ред.), қызтекелер мен еркекқыздарға, бұрын сотталған азаматтар мен нашақорларға тегін таратылмақ.

Облыстық жұқпалы ауруға қарсы орталық мамандары сондай-ақ, қаржы тапшылығына байланысты, биыл мүше қап сатып алуға бөлінген қаражаттың біршама қысқарғанын айтқан. Мысалы, 2015 жылы бұл мақсатқа 15,5 миллион теңге бөлініп, ол қаражаттың 10 миллионына құны 50 теңге болатын, қалған 5,5 миллион теңгесіне 20 теңгелік мүшеқаптар сатылып алынған көрінеді.

Сайт мамандар секс-өнеркәсіптің әрбір жұмысшысына бір жылға 1060 мүшеқап қажет екенін де есептеп қойғанын жазып отыр. Статистикалық мәліметтерге сай, облыста бүгінде осындай 700-ден астам адам бар көрінеді. Жоғарыдағы есепке жүгінсек, олардың «сұранысын» қанағаттандыру үшін 750 мың мүшеқап сатылып алынуы қажет. Ал, мұндай мөлшерді облыс бюджеті көтере алмайтындықтан, өңірдегі жезөкшелердің біршамасы тегін мүшеқаптан қағылғалы отырған сияқты.

Қатысты Мақалалар