Тамара Калеева Қазақстан Журналистер одағы төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды

/uploads/thumbnail/20170708235634025_small.jpg

«Әділ сөз» Халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президент Тамара Калеева Қазақстан Журналистер одағы төрағасының міндетін атқарушы болып сайланды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы КазТАГ– қа сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Журналистер одағы» қоғамдық бірлестігінің жарғысына және ҚР заңнамалары талаптарына сәйкес, Одақтың құрамында басқарма мүшелері А. Қапбарова, К. Батыров, П. Долматов, В. Рыжков, Е. Тоқшылық, Н. Қубраков, Ю. Поминов, Ж. Әділбаев, И. Жүсіпқалиев, С. Харченко, Ю. Поминов, М. Жанаділов, А. Оңғарбаев, К. Байсадақов, Е. Бапи басқармасы 18 сәуір күні өткен бейнеконференцияда Т. Калееваны Журналистер одағы төрағасының міндетін атқарушы етіп сайлау мәселесін қарады», - делінген одақ таратқан хабарламада.

Бейнеконференция барысында оған қатысқандар бір ауыздан Тамара Калееваның кандидатурасын қолдаған.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы 22 ақпаннан бері жемқорлық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен тергеуге алынған.

Қатысты Мақалалар