Қазақ жігіт Counter-Strike ойынын Андроидқа көшірді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708235653519_small.jpg

Әлібек Омаров Github репозиториінде Android телефонында толыққанды Counter-Strike 1.6 ойынын іске қосу үшін қажетті файлдар мен нұсқаулықтарды жария етті. Геймер CS компьютерлік ойынының түпнұсқасын ойнайтын ойын серверлеріне еш қиындықсыз қосыла алған, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Журналистер  бұл танымал Counter-Strike 1.6 ойынын ұялы құрылғыға көшіру емес пайдаланушы компьютерінде орнатылған  ойынның Steam нұсқасындағы бірқатар файлдарды талап ететін толыққанды порт екендігін жазуда.

Counter-Strike 1.6 смартфонда жұмыс істейтінін геймер өз видеосында көрсетеді. Оның экранында сенсор батырмалар көп болғанымен бұл классикалық шутер жанкүйерлеріне оны сынап көруге кедергі бола алмайды. 

Қатысты Мақалалар