Қарағандыда пәтер тонаушы балконнан секірем деп полицияны қорқытуда (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708235710281_small.jpg

Қарағандыда белгісіз азамат көп қабатты үйлердің бірінің балконынан секірем деп елді әбігерге салуда. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

Куәгерлер түсірген видеода жігіттің балконның сыртына шығып алып, түспей тұрғаны анық көрінеді. Ол полиция қызметкерлерінің пәтерге қайта кіру немесе төмендегі батутқа секіру туралы өтінішіне құлақ асатын емес. Полиция мен жігіттің арасында келіссөз басталғалы да бір сағаттан артық уақыт өткен.

ІІД бұл жігіттің пәтер тонаушы екенін, полиция қызметкерлері оны ұстауға әрекеттенгенде балконнан секірем деп қорқытып жатқанын мәлімдеді.

Қатысты Мақалалар