Есімов пен Қожамжаров келісімге отырды

/uploads/thumbnail/20170708235745527_small.jpg

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы Ахметжан Есімов пен Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюро басшысы Қайрат Қожамжаров әріптестік туралы келісімге қол қойды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Компания басшылығының айтуынша, бұл келісім көрмеге жауапты мекеме жұмысындағы жемқорлықтың тамырына балта шауып, халықаралық іс-шараның лайықты деңгейде өтуіне ықпал ететін көрінеді.

«Тараптар «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының жұмысында, оның ішінде көрме нысандарын жобалау мен салу ісінде ашықтықты қамтамасыз ету үшін, жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруда әріптестік орнатуға міндеттеме алды», - делінген ұлттық компания баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қатысты Мақалалар