Түрегеп тұрып сабақ оқу әлдеқайда нәтижелі білім алуға мүмкіндік береді. Жаңа зерттеу жасаған мамандар осындай қорытындыға келді, - деп жазады ҚазАқпарат planet-today.ru-ға сілтеме жасап.
Ғалымдар түрегеп тұрып білім алуға арналған парталар балалардың когнитивтік функцияларын 7%-дан 14%-ға дейін арттыратынын анықтады. Бұл оқушылардың білім алу сағатын арттыруға жол ашады.
Зерттеушілер тұрып білім алатын парталарды пайдаланған кезде балалар тапсырманы әлдеқайда сәтті орындайтынын анықтады. Бұл сабақта зейінді әлдеқайда арттырған.
Техас университетінің қоршаған орта және еңбек гигиенасы бойынша маманы Ранжана Мехта мектептерде түрегеп тұрып білім алатын парталар пайдаланылуы керек екенін айтты. Оның ойынша, бұл балалар арасындағы семіздікпен күрестің бір амалы.
Эргономика бойынша маман Марк Бенденнің айтуынша, мұндай үстелде білім алған оқушылардың тапсырма орындауға қатысу көрсеткіші 12%-ға жақсарған.