Ақтөбеде жол жүру жеңілдігінен айрылған зейнеткерлерді автобустан күштеп шығаруда (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708235834262_small.jpg

Ақтөбе қаласында 18 сәуірден бастап қоғамдық көліктегі зейнеткерлерге арналған жол жүру билеттеріне жеңілдік алынып тасталды. Соған байланысты зейнеткерлер наразылық білдіруде, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Бұл өзгеріс тек зейнеткерлер арасында ғана емес әлеуметтік желіде де қызу талқылануда. Жеңілдіктің алынып тасталғанынан хабарсыз қарияларды автобус бақылаушылары көліктен күшпен түсіріп жіберу оқиғалары туралы желі қолданушылары жарыса жазуда.

Ал, енді бір азаматтар көлігі бар азаматтарды зейнеткерлерді тегін тасымалдауға үгіттеуде. Тұрым Алагөзов есімді қолданушы жүргізушілерден жұмысқа бара жатқанда, қайтар жолда зейнеткерлерді тегін тасымалдауды сұрады.

«Күнде таңертең өз машиналарымызбен (бүгінде әр отбасында жеке көлік бар) жұмысқа бара жатқанда, түскі үзіліс кезінде қариялар үшін тегін такси болыңыздар! Бір апта! Болды... Сосын автобус басшылары өз қателіктерін түсініп, депутат достарымен бірге аталарымызға қойған санкцияларынан бас тартады», - деп жазды.

Қатысты Мақалалар