АТЫРАУ МАҢЫНДА ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖҮРГЕНДІГІ ТУРАЛЫ ВИДЕО ЖАРИЯЛАНДЫ

/uploads/thumbnail/20170709000033545_small.jpg

Атырау қаласына әскери техника мен әскерилер тасымалдайтын көліктер кіруде, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Атырауға кіретін күре жолдың бойында тізіліп келе жатқан қалың әскери көліктер легі түсірілген видеолар Фейсбук әлеуметтік желісінде жариялады.

Видео авторы «Тыныштық па екен? Әлде су басу қаупіне байланысты ма екен?» деген сауал қояды Төлебай Бекежанов есімді қолданушы .

Ресми органдар тарапынан бұл видеоға қатысты мәлімдеме жасалмады. Алайда, өңір тұрғындары мен әлеуметтік желі қолданушылары "Бұл әскери техникалардың кезекті оқу-жаттығудан қайтқан беті" деп пікір білдіруде.

Қатысты Мақалалар