Бірқатар ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары Атырау маңында әскери техниканың көптеп шоғырланғаны туралы жарыса жазған болатын. Осыған орай Батыс өңірлік әскери гарнизонының әскери прокуратурасы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Ақжайық» басылымына сілтеме жасап.
Әскери прокурорлар бұл техникалардың оқу-жаттығуға бет алған сәтте түсірілген видео деп отыр.
«Атырау облысының аумағында орналасқан 41433, 41321, 51051 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері Маңғыстау облысында 18-24 сәуір аралығында өтетін «Қаратау-2016» тактикалық-саптық жаттығуларға шыққан болатын. Оқу-жаттығуда әскерлердің лаңкестік қауіптерге қарсы біріккен іс-қимылдары пысықталатын болады», - дейді Батыс өңірлік әскери прокурорының орынбасары Думан Әбеуов.