Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов 72 жыл бұрын майданда қаза тапқан майденгер атасының бейітін Витебскіден тапты

/uploads/thumbnail/20170709000120811_small.jpg

2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов 72 жыл бұрын майданда қаза тапқан атасының бейітін Белоруссияның Витебск қаласынан тапты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы «Литер» басылымына сілтеме жасап.

Боксшы өз атасын ешқашан көрмегенін, алайда, оның бейнесі отбасының жадында сақталғанын айтады. Майдангер Оразымбет Ибраимов туралы бұған дейін артынан келген қара қағаздан басқа дерек болмаған.

Ермахан Ибраимов  соғыста қаза болған атасын жақсы біледі. Алайда ардагердің хаттары, құжаттары, марапаттаулары сақталмаған.

«Егер осыдан бірнеше жыл бұрынғы оқиға болмағанда, біз іздеуді әлі де бастамаған болар ма едік», - дейді Ермахан Ибраимов.

«Біз әкем екеуіміз 9 мамырда шеруді көрдік. Алаңда ардагерлер шеруі жүрді.  Кенет әкеп жылап жіберді, мен оның көз жасын алғаш рет көрдім.  Сонда әкем «Сенің атаң тірі болса, мүмкін ардагерлердің ішінде жүрер еді. Мен тіпті әкемнің қайда жерленгенін де білмеймін.  Шынымды айтсам, жаным ауырады» деді. Әкесінен қара қара қағаз келгенде әкем Сағи Ибраимов 12 жаста екен.  Ол күн әлі күнге есінде», - дейді боксшы.

Ермаханның әкесі Сағи Ибраимов «Әкем 48 жаста болатын. Біз оның қаза болғанына сенбей, өмір бойы күттік. Оның қайда жерленгенінен де хабарымыз жоқ»,-дейді.

Біршама уақыт өткен соң Ермахан Ибраимов атасына іздеу сала бастайды. Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқандарды интернет арқылы іздеу салуға болатынын оқыған Ермахан іске кіріседі. Интернет сайттағы «Соғыс және адамдар» форумына қосылып, «атасының зиратын іздейді».  Күтпеген жерден Витебск облысының іздеу жүйесінен «Витебсктен босату кезінде қайтыс болған қатардағы жауынгер Оразымбет Ыбырайымов Витебск облысы, Витебыс ауданындағы бауырластар зиратында жерленген» деген ақпарат алады. Ермахан әкесімен жолға шығады.

Минск арқылы ұшып, Витебскке жетеді.

«Мемориалдық зират өте үлкен, жүздеген қабір бар, - дейді Ермахан Ибраимов.  Біз ол жерге барғанда қабірді оңайлықпен таппасымызды түсіндік. Әкем тұрып жылай берді. Жергілікті жігіттер жайымызды сұрап, сосын ауылдың тұрғындары жиналды.  Олардың кеңпейілділігі сондай, бізді қолдады. Сосын үлкен дастархан жайып, ауыл тұрғындарына ас бердік», - дейді спортшы.

1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германияның бірден шабуыл жасап, КСРО-Витебск облыстық комитеті КП(б)Б партия және комсомол қызметкерлеріне шұғыл кеңес өткізді. Қаланы қорғау мақсатында Қызыл Әскер қатарына азаматтар шақырылып, жедел жұмылдыру күштері жасалды.

1941 жылдың 11 шілдесінде немістің 39-шы мотокорпусы  Витебск маңындағы әлі күшейіп үлгермеген 19-шы әскердің қорғанысын бұзып, Демидов, Духовщина және Смоленск бағытында шабуылдауды бастаған болатын.

Ақбота Мұсабекқызы

Қатысты Мақалалар