Қазақстанда жұмыстан шығарылғандар саны артқан

/uploads/thumbnail/20170709000119405_small.jpg

 Ranking.kz сарапшыларының хабарлауынша биыл еліміздің еңбек нарығындағы ахуал біршама шиеленісе түскен. Экономикалық өсім көрсеткіштерінің төмендеуі жұмыс орындары мен еңбекақы мөлшерін қысқартуға алып келуде. Статистикалық мәліметтер әзірге жұмыссыздықтың өскенін көрсетпесе де, соңғы сегіз айдағы жұмыспен қамту көрсеткіші рекордтық деңгейге дейін құлдыраған.

Өткен жылдың төртінші тоқсанында еліміздегі жұмыспен қамтылғандардың нақты саны 3 миллион 629 мың адамды құраған. Бұл сандардың 2014 жылғы межеден бар болғаны 0,3 пайызға немесе 10,4 мың адамға ғана артық екенін ескерген жөн. Яғни, жұмыспен қамту көрсеткіштерінің артуы жылдан жылға кеміп келеді.

Дағдарыстың тағы бір белгісі ретінде орташа жалақы көлемінің де кемуін айтуға болады. Өткен жылдың соңғы тоқсанында бұл көрсеткіш 136100 теңгені құраған. Ал, 2015 жылғы инфляция көлемі 13,6 пайызға жеткен.

Бұдан бөлек, статистикалық мәліметтер өңірлерге қатысты да бірқатар проблемалардың құлағын қылтитып отыр. Атап айтқанда, өндірісті өңірлерде өткен жылдың соңынан бері жалданбалы жұмысшылардың қысқаруы байқалады. Мысалы, Қостанай облысында 3 пайыз, Қарағанды облысында 2,4 пайыз, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында 2 пайыз, Шығыс Қазақстанда 1,9 пайыз штаттық қысқартулар орын алған.

Есесіне, оңтүстік өңірлерде аграрлық мамандарға сұраныс артқан. ОҚО-да бұл көрсеткіш 4,3, Алматы облысында 3,6, Қызылорда облысында 1,8 пайызға артқан.

Астана мен Алматының еңбек нарығындағы ахуал да қайшылыққа толы болып отыр. Мәселен Астанада жаңа жұмыс орындарының саны 5,2 пайызға (13,6 мың орынға) өсті делінсе, Алматыда керісінше бұл көрсеткіш 4 мың адамға немесе 0,1 пайызға кеміген.

Сарапшылар тау-кен өнеркәсібі саласында жұмысшылардың 4,6 пайызы қысқартуға ұшырағанын айтады.

Осы жерде еліміздің бірде бір облысында еңбекақының өсуі инфляцияның ресми көрсеткішіне жетпегенін айта кету қажет. БҚО-да еңбекақы 11,5 пайызға, Астанада 8,4 пайызға, Павлодарда және 6,8 пайызға, Атырау облысында 6,7 пайызға жалақы өскенімен, бұл өсім инфляция деңгейінен төмен болып отыр.

Ал, екі облыста (Маңғыстауда 2 пайызға, Ақтөбе облысында 1,1 пайызға) еңбекақы қысқарған. Алайда, Маңғыстау облысындағы орташа жалақы республика бойынша жоғарғы көрсеткішке ие болып отыр.

Осылайша бір-біріне кереғар статистикалық деректердің өзі елдің әлеуметтік ахуалының оңалу орнына, кері кеткенін жасыра алмай отыр.

Әзірлеген: Жомарт Абдоллаұлы

 

 

 

 

 

 

Мұхамедиұлы мюзикл жанрына ден қоймақ

Мәдениет және спорт министрі алдағы уақытта мюзикл жанрын жандандыруды қолға алатын болады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін Парламент Сенатындағы кездесу барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеген.

Сөз арасында министр ағымдағы жылдан бастап «Орталық концерт залы» ведомствоның қарамағына өткенін алға тартып, алдағы уақытта «Қазақконцерт» брендін  Астанаға көшіру туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

«Біздің алдағы уақытта атқаратын басты мақсатымыздың бірі - жанрларды ашу, дамыту. Соның ішінде қазақ көрермендеріне таңсық болып келетін мюзикл жанрына жан бітіру керек. Өйткені, бізде жаңа театрлар бар, фольклорлық жанрлар  бар. Дегенмен, Қазақстанда мюзикл секілді жанр жоқ.  Осы бағытта қазір «Мюзикл Астана» ұжымын құруды қолға алудамыз», - деді министр А. Мұхамедиұлы.

Қатысты Мақалалар