Мәдениет және спорт министрі алдағы уақытта мюзикл жанрын жандандыруды қолға алатын болады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы бүгін Парламент Сенатындағы кездесу барысында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеген.
Сөз арасында министр ағымдағы жылдан бастап «Орталық концерт залы» ведомствоның қарамағына өткенін алға тартып, алдағы уақытта «Қазақконцерт» брендін Астанаға көшіру туралы шешім қабылданғанын жеткізді.
«Біздің алдағы уақытта атқаратын басты мақсатымыздың бірі - жанрларды ашу, дамыту. Соның ішінде қазақ көрермендеріне таңсық болып келетін мюзикл жанрына жан бітіру керек. Өйткені, бізде жаңа театрлар бар, фольклорлық жанрлар бар. Дегенмен, Қазақстанда мюзикл секілді жанр жоқ. Осы бағытта қазір «Мюзикл Астана» ұжымын құруды қолға алудамыз», - деді министр А. Мұхамедиұлы.