Маңғыстауда БТР полиция көлігін соғып кетті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709000113561_small.jpg

Ғаламтор желісінде бір лекпен келе жатқан сауытты БТР көліктерінің бірі жол полициясының көлігін соғып кеткен сәті түсірілген видео жариялануда.

Бұған дейін сайтымызда сәуір айының 18 мен 24 аралығында Маңғыстау облысының аумағында "Қаратау-2016" тактикалық-саптық оқу жаттығуы өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз. Мына БТР-лар да сол оқу-жаттығуда жүрген әскери техникалар болса керек.

Маңғыстау облыстық ІІД  қапталында арнайы айнаның болмауы салдарынан әскери техника патруль машинасын байқаусызда соғып кеткенін хабарлады.

Ескерту: Видеода әдепсіз сөз айтылады. 

Қатысты Мақалалар