Павлодарда жүргізушіні тұншықтырған полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Павлодар қаласының №2 қылмыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екінші взвод батальонының командиріне лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғануға, әкімшілік құқық бұзушылық дәлелдемелерін бұрлауға байланысты айып тағылды.
Аталмыш қылмыстық іс сотқа жіберілді. Ең басты талқылауы 26 сәуірге белгенген.
Қылмысқтық істің материалдары бойынша, айыпталушы патрульдік көлігімен көлік жүргізушісінің ізіне түскен. Қатаев пен Амангелді көшелерінің қиылысында көлік жүргізушісіне тоқта деген белгі берген.
Патруль талабынан кейін жүргізуші ер адам көлігінен шығып, артынан есігін жаппақ болады. Алайда полицияның бір қызметкері оған есік жабуға мүмкіндік бермеген.
«Жүргізуші наразылық білдіріп, не үшін тоқтаны жөнінде сұрай бастады. Осы уақытта взвод командирі патрульдық көліктен түсіп, жүргізушінің қолын артқа қайырған.ауырсынғаннан жерге құлаған жүргізушіні полция қызметкері тұншықтыра бастаған» деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Тергеу барысында анықталғандай, айыпталушы өз іс-әрекетін ақтау үшін медициналық куәландыруға алып барады. Алайда сараптама нәтижесі оң шыққан соң жүргізушіні орнына қайта әкеліп, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырған.
.