Оңтүстік Қазақстанда тауға серуендеп кетіп, 4 күннен бері іздестіріліп жатқан әйел мен бүлдіршін қыздың денесі табылды. Құтқарушылар 56 жастағы Әшіркүл Баймұратова мен 7 жасар Инабат Іңкәрбектің мәйітін Дәубаба ауылынан 10 шақырым жердегі Қарақуыс шатқалынан тапқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Жексенбі күні Шымкенттен келген әйел қасына кішкентай сіңлісін ертіп, тауға серуендеп кеткен екен. Сөйтіп, ауылдан ұзай бере жаңбыр жауып, қалың тұман түсіпті. Сондықтан екеуі адасып кетуі мүмкін. Оларды өздері іздеп таппаған ауылдастары полицейлер мен құтқарушыларға хабар берген болатын. 3күн бойы тау-таста тінтіген 400 маманға Ұлттық ұлан сарбаздары көмекке келген. Алайда, жоғалғандардың мәйіті табылып отыр. Ал тергеу жүргізіп жатқан шұғыл топ марқұмдардың денесінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін айтады.