Алдына жармасқан полиция қызметкерін әкетіп бара жатқан жүк көлігінің видеосы инстаграм желісінде жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Кездейсоқ жолаушылардың бірі түсіріп алған видеоға қарағанда, полицей талапқа құлақ аспаған көлікті тоқтату мақсатында оның алдына шығып алған сияқты. Желі қолданушылары бұл оқиғаның Шымкент қаласындағы Ахунбабаев көшесінде болған деп жазуда.
ОҚО ІІД облыста Елбасының жүргеніне байланысты барлық күштер осы бағытқа жұмылдырылғанын айтып, аталған видео туралы кейін мәлімдеме жасайтындықтарын хабарлаған.