Маңғыстау облыстық ІІД Ақтауда өтті делінген митингтің видеосын таратып, арандатушылықпен айналысқандарды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысында өтті делініп, аноним қолданушылардың желіге жүктеген видеосына қатысты Маңғыстау облыстық ІІД мәлімдеме жасады.
«Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Облыста жедел жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шараларды штат режимінде жүзеге асырып жатыр. Бұл видео тексеріліп жатыр. Арандатушылық контентті ұйымдастырып, таратушы тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі заңнамаға сәйкес, жалған мәлімет таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанй, - делінген хабарламада.
Ал, Маңғыстауда болды деген видеодағы көріністерге ұқсайтын оқиға 2015 жылдың ақпан айында ОҚО Сарыағаш ауданында орын алған қақтығыс кезінде түсірілген болатын.