[caption id="attachment_1174" align="alignnone" width="380" caption="«Әл-Қаида» жетекшілерінің бірі Әбу Яхия әл-Либи. Фото: azattyq.org"]
[/caption]
Америка билігі «Әл-Қаида» ұйымындағы ықпалы мен шені жөнінен екінші орында тұрған Әбу Яхия әл-Либидің қаза тапқанын растады.Ақ үй өкілі Джей Карней оның өлімін халықаралық террористік ұйымға берілген «үлкен соққы» деп атады, бірақ оның қалай қаза тапқаны жайлы егжей-тегжейлі ештеңе айтпады, деп хабарлайды azattyq.org. Мұның алдында Ақ үйдегі дереккөздер ақпарат құралдарына дүйсенбіде Пәкістанда АҚШ-тың пилотсыз ұшақтарының шабуылы кезінде «Әл-Қаида» сарбазы өлтірілгенін хабарлаған еді. Карнейдің сөзіне қарағанда, әл-Либи «Әл-Қаиданың» басты менеджері болған және оның қазасы террористерге орны толмас үлкен зардап келтіреді. АҚШ Усама бен Ладенге қарсы операция бастаған 2011 жылдан бері «Әл-Қаиданың» оннан астам жетекшісі қаза тапты.
Пікір қалдыру