Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жүргізген тексеру барысында 60 баланың өліміне алып келген жағдайды анықтай алмады.
«Заң бұзушылықтар болды, бірақ олар балалардың өліміне еш әсер етпеген. Негізінен олар құжаттарды толтыру сияқты формальды қызметтерге байланысты» деді комитет төрағасы Бауыржан Байсеркин. Тексеру барысында орталық ашылғалы бері 57 баланың өлімі анықталған, оның ішінде 13 қызылшақа өлі туған. Тексеру нәтижелері бойынша жиналған материалдар Алматы қалалық құқық қорғау органдарына берілді. Ал Бостандық ауданының прокуратурасы тексерудің нәтижесін жарияламаған. Бұл ауданның прокуратурасы Алматы қалалық перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жыл басынан бері бала өлімінің 60-қа жуық оқиғасын анықтаған, оның 30-ы жаңа туған нәресте. Дәрігерлердің болжамына сәйкес, нәрестелер жатырішілік инфекциядан шетінеген көрінеді. Алайда құзырлы орындар балалардың өлім оқиғаларының әрбір фактісі бойынша тексеру жүргізіліп, кінәлілер, соның ішінде лауазымды тұлғалар да міндетті түрде жауапкершілікке тартылатындығын хабарлады. Айқын
Пікір қалдыру