Қазақ-қытай шекарасындағы өткен аптада өртеніп кеткен «Арқанкерген» бекетіне сонда қызмет еткен шекарашылардың бірі келді. Қазақстан күштік құрылымдарының дереккөзіне сүйенсек, тірі қалған әскери қызметкер Ресей азаматы екен.
«Аргументы и факты» хабарлағандай, жергілікті тұрғындар сарбаздың бекетке тау жақтан келгенін айтады. Олар бірден дәрігер шақырып, сарбаз ауруханаға жеткізілген. Ол жерге тергеушілер келіп, мәселенің мән-жайын анықтауды бастады.
Республиканың құқық қорғау органдарының ақпаратына қарағанда, тексеру кезінде әскери қызметкерден тапанша табылды. Дереккөздің мәліметінше, сарбаз өзін біртүрлі ұстағандықтан, дәрігерлер оның психикасының бұзылғанына күмәнданбаған көрінеді.
Қазір әскери қызметкер 15 адамның өліміне себепші бірден-бір күдікті болып отыр. Алдын ала нұсқаға қарағанда, әріптестерімен заңсыз қарым-қатынастардың орын алуы төтенше жағдайдың себебіне негіз болуы ықтимал.
Пікір қалдыру