Yvision.kz-те Мемлекет басшысынан бастап, Премьер-министр, Бас прокурор, депутаттар мен халықаралық ұйымдардың атына бағытталған хат жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz
Жезөкшелердің атынан жазылған хатқа 597 тәнін саудалаушы қол қойып, лауазымды тұлғалардан өздерінің жағдайына байланысты көмек көрсетуді сұрған.
Хат жазған тарап қазіргі дағдарыс заманында өздеріне де оңайшылықпен күнкөру мүмкін болмай отырғанын алға тартады. «Бізге қарай тас лақтыра беретін дәурен өтті. Біз де мұнай бағасынының құлағанын сіздер секілді жақсы білеміз. Ақылы жыныстық қызмет көрсетудің нарығы әлсіреді. Клиенттеріміздің жағдайы жақсы емес», деп мұң шағады.
Олардың хаттарында өздерінің құқықтары қорғалмай отырғандығын, одан басқа жеңгетайлар сауна, қонақүй, сұлулық салондарының иелері және полициямен бірге қойылған бағасы тым қымбатқа түсетіндігін де тиек еткен. «Біз Еңбек кодексін қазір қайта қарайтын сәт келді деп санаймыз. Соған қарамастан ол тақырып әзірге жабық күйінде» деп шағым білдірген.
597 адам қол қойып, үш бу хат қылып жолдағандар шетелде жасалған жағдайды мысалға келтіреді. Тіпті, әрісі Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген қыздардың өзара бәсекелестік тудырып жатқанын атаусыз қалдырмаған.