Астанада өткен жер реформасы жөніндегі комиссия отырысында елдің Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишимбаев осылай деп мәлімдеді.
«Мен жер ел азаматтарына сатылу керек деп санаймын. Жерді жалға беру институты сақталуы қажет. Біз жерді бөлгенде әділетсіздікке жол берілуде. Әлемдік тәжірибе шетелдерде жер біреуге берілетін болса, белгілі бір лимит қолданылатынын көрсетеді. Біздің Солтүстік Қазақстанда бірқатар (шетелдік-ред.) компаниялар 500 гектар жерге ие. Бұл біздегі бәсекеге қабылеттілік пен мемлекеттік қауіпсіздікке қатер төндіруде. Сондықтан, біз осы заңдар мен нормаларды енгізу қажетпіз», - дейді министр Қ. Бишимбаев.
Естеріңізге салсақ, 14 мамыр күні Астана қаласында Елбасы тапсырмасымен құрылған Жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті.