Енді Ұлттық бірыңғай тестілеуден шекті 50 балл жинай алмаған оқушылар тамыз айында кешенді тестілеуді ақылы түрде қайта тапсыру мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz – ке ілтеме жасап.
Бұл жаңашылдық мектеп бітірушілердің жоғарғы оқу орнына түсу мүмкіндігін жоғарылатуға бағытталған. Ал жалпы жүйеге өзгеріс енбейді. Бұл туралы бүгін Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нюсупов мәлімдеді.
Жалпы талапкерлердің білім деңгейін анықтайтын тест республика көлемінде 166 орталықта 2-15 маусымда өтеді. Қазір барлық пунктерде комиссия құрылған. Биыл еліміз бойынша орта мектепті 121 мың оқушы тәмамдайды. Олардың 83 мыңы – қазақ, ал қалғаны – орыс тілінде бітіретін түлектер.
Саят Нюсупов, ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы:
- Қайта тапсыру тестілері ақылы болады. Оның бағасы – 2242 теңге. Бірақ ол біздің мектеп бітірушілерге ақылы жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді. ҚР БҒМ өкілдерінің қатысуымен өткен ОКҚ брифингінің толық нұсқасын осы сілтеме арқылы көре аласыздар.