Немістің Дормаген қаласында өткен жарыстарда қазақстандық әйелдер командасы төрт медальді иеленді,- деп хабарлайды Qamshy.kz ВКонтакте желісіндегі «Kazakhstan Wrestling Online» тобына сілтеме жасап.
Жұлдыз Эшимова 53 келі салмақ санатында бірінші орынға ие болды. Эльмира Cыздықова мен Екатерина Ларионова 69 келі салмақта қола медальді иеленді. Сондай-ақ 75 келі салмақпен Гүлмарал Еркебаева да қола жүлдеге қол жеткізді.