Қазақстандық азамат Ресейде үш жасар баласын 1,5 миллион рубльге сатып, Липецкте үй сатып алмақ болған, - деп хабарлайды "Экспресс К" басылымы.
Ресейде өз баласын сатып жібермек болған қазақстандық ер адамның үстінен іс қозғалды. Ол баласын сатып алушыларды интернет арқылы іздестірген. Хабарламаны бірінші болып байқаған полицейлер өздерін сатып алушы ретінде таныстырып, ер адаммен байланысқа шығады.
Полицейлер баланы сатып алатын болып келісіп, қазақстандық азамат қылмыс үстінде ұсталды. тергеу барысында баланың анасы тірі екені анықталды. Ол күйеуімен бірігіп, өзінің қазасы туралы жалған анықтама жасаған.
Енді баласын сатпақ болған ата-ана он жылға сотталуы мүмкін.