Мектеп гардеробшысы сексуальдық қысым көргені үшін 7 миллион 463 мың 641 теңге талап етуде

/uploads/thumbnail/20170709012501769_small.jpg

Перцевка ауылының тұрғыны Рудный қаласының білім беру бөлімінен мектеп директоры тарапынан сексуальдық қысым көргені үшін 7 миллион 463 мың 641 теңге талап етті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Қостанай облысының тұрғыны Анна Белоусованың шағымы БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітуді жою жөніндегі Комитетінің шешімімен қалалық білім басқармасына қарсы Рудный қалалық сотына жіберілген. Резидент Қостанай облысы бойынша жүктелген.

Мектеп гардеробшысы басшылық тарапынан нәпсілік қысым көріп, жұмысынан айырылғаны және психологиялық соққа алғаны үшін моральдық шығын талап етуде.

«Бұл тек Қазақстандағы ғана емес, Орталық Азиядағы алғашқы шешім. Анна Перцевка мектебінде гардеробшы болып жұмыс істеген. Мектеп директоры өз жағдайын пайдаланып, әйелден интимдік жақындықты талап еткен. Айғақ ретінде диктофонға жазылған запись мен әңгімені естіген екі куәгер бар», - дейді Адам құқықтары жөніндегі бюроның Қостанай облыстық филиалының директоры Анастасия Миллер.

34 жастағы ер адам еңбек қатынасын жаңарту үшін әйелді бопсалаған. Анна Белоусова 1999 жыдан бері гардеробшы болып жұмыс істейді және жыл сайын келісімшарт ұзартылады. 2011 жылдың мамыр айында Аннаға «не жыныстық қатынас, не жұмыстан кету» шарты қойылған. Гардеробшы бас тартқан соң директор жаңа оқу жылында еңбек шартының күшін жойған.

Осыдан кейін әйел түрлі органдарға шағымданғанымен, әділдікке қол жеткізе алмаған. Оның шағымдары дұрыс тексерілмепті. Мектеп директоры өз жұмысын жалғастырып жатқанымен, әйел жұмысынан айырылған.

Сонымен қатар, 2011 жылдың шілдесінде мектеп директоры әйелдің ар-намысына, қадір-қасиетіне және кәсіби беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратқан. Сот Аннаның экс-бастығынан морльдық және заңды деген арыз-талаптарын негізсіз деп тапқан. Сондай-ақ шағымданушы әйел мектеп ұжымының алдында директордан кешірім сұрасын деп тапсырған.

2015 жылдың 13 шілдесінде БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітуді жою жөніндегі Комитеті 34 жастағы құқық бұзушының Анна Белоусованың жағдайын тану туралы шешім шығарды. Комитет бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге (Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы) және Конвенция бойынша морльдық және материалдық зиян келтіргені үшін тиісті өтемақыны қоса өтеуді шешті.

Енді бір жыл өткен соң, адвокаттар мен оқиға құрбандары шешімнің орындалуын талап етуде, неге тек 12 айдан кейін ғана әрекет етіп жатқандарын Анастасия Миллер түсіндірді.

«Біз комитет шешімдерінің орыс тілінде келуін күттік. Өйткені бірінші барлық шешімдер ағылшын тілінде шығарылады. Жалпы, іс тізбегі біраз уақытты алады», - деді Миллер.

Қатысты Мақалалар